"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Азат отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауышпен қоштасу

05.06.2018

 

Қош

бол, бастауыш!

Мұғалімнің

кіріспе сөзі:

         Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар,

қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін

ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне

аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп,

бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. 

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. 

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - 

дегендей, бұл да бір қуанышты күн. 

Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз

алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау

бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне

өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр.

Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан,

өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін

көрсетуге дайын. 

 Ендеше осы шәкірттерімізді  ортаға шақырайық. Музыка әуенімен

оқушылар ортаға шығады (Вальс)

Мұғалім:     Той бүгін -кең

сарайда шалқып тасқан 

                     

Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан, 

                     

Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп, 

                     

Би билеп, асқақтатып әнге қосқан. 

                     

Бұл тойда жан табылмас тасымаған, 

                    

Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған, 

                    

Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың 

                    

Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым! 

Саят Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.

Жазира: Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз

күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін

мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой

Абай, Ыбырай бабалар.

Айдын: Бала шаққа

болашақты жырлатып,

Шәкірттерге

ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай

сәуле құйған көңілге,

Армысыздар ,

ұстаздарым қымбатты!

Мерей: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер мен аталар!

Қыран құстай

балапанын мәпелер.

Бүгін міне

бастауышпен қоштасады,

Азамат боп ,

кешегі сәби- еркелер!

Абильмансур:Ағайын

жұрт ардақты, армысыздар!

Бәріңіз

де есен-сау бармысыздар?

Көрермен

күә болсын бастауышқа

Болашақ

шәкірттердің жалғасы бар.

Раимбек: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар

жыр- алғысым көп менің

Жүректерге

жаққан білім шырағын ,

Мектебіме

арналады бұл әнім!

 

Ән: «Бастауыш мектеппен қоштасу» атты әнімізді қабыл

алыңыздар.

 

Ал енді балалар, алтын ұя

мектебімізге арналған жыр-өлеңдерімізді айтайық!

 

Жазира:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

 

 Айдын:Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 5 жыл бойы ата –анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

Абильмансур:Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ

жайдың мектебім сен қуана.

Сол

бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

 

Айгерім:Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз

саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

 

Тамирис: Мектебім - сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

 

Раимбек: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер

жетеміз

 

Медина: Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырған алға бізді арман мың.

 

Саят: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта

айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта

алған білім, жырларым,

Азық болар ,

мәңгі талай жылдарға.

 

Мерей: Өтті оқу, сан

сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Қош бол, құтты Бастауыш!

 

"45 МИНУТТЫҢ

ҚЫЗЫҚТАРЫ"

(МАТЕМАТИКА САБАҒЫ)

Мұғалім: Сенің қолыңда 8 қалам бар.Оның төртеуін досыңа бердің,

өзіңде қанша қалам

қалды?

Оқушы:Мен оларға бергенше, үйдегі сіңіліме бергенім жақсы ғой.

Мұғалім: Қатты зат килогараммен, сұйық зат литрмен өлшенеді.Ал

ара қашықтық немен өлшенеді?

Оқушы: Сызғышпен

 

(Дүниетану сабағы)

Мұғалім:Табиғаттың негізгі төрт элементін ата!

Оқушы: Жер,ауа,от,.....

Мұғалім: Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында

қолыңды немен жуасың?

Оқушы: Таптым, таптым, сабынмен!

 

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жерден Ай алыс

па,Африка алыс па?

Оқушы: Әрине,Африка алыс.Өйткені біз Айды көреміз,Ал Африканы көрмейміз.

Ашық сабақ болып жатқан

кезде...

Мұғалім: Раимбек, Ыбырай Алтынсариннің "Есеп"

өлеңін жатқа айтшы.

Аяулым: Артта отырған мұғалімдерден ұяламын....

 

Оқушылармен

ата-аналар өмірінен көріністер:

"Есеп"

БАЛА:Әке, кешегі

шығарып берген есебіңіз түп-түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді?Мүмкін

емес!

Баласы: Ашуланбай-ақ

қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.

 

"Ең

қиын есеп"

Баласы: Мама, мен бүгін

бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім

Анасы:Өте жақсы,

балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:"Сынып бөлмесінің

терезесін кім сындырды?" деген сұрақ.

 

 

Мұғалімнің сөзі:

Бұл күнге жәйдан-жай жете

салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске

алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт елестетер болсақ…….

(слайд көрсетіледі.)

 

Мектептің жүрегі ұстаз дей келе оқушылардың ұстаздарға

арнаған өлеңдерін тындайық!

 

Тамирис:

Есімде

алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тасталғаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді, міне сағымдай боп өте шықты

5 жыл уақыт аз ба екен, кім

біліпті.

Ұстаз – ана жасады мына бізден

Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.

 

Медина:

Ұстазым

ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме

көрік беріп, гүл еккен.

Мені

оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып,

жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

 

Жазира: Ұстазым бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген

 

Айгерім: Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-әлем

Биікке самғап ұшармын

 

Мерей: Сырымды менің бес саусақтай біледі,

Бір мен үшін бөлек жаны, жүрегі.

Ұстаздан асқан қамқор жанды көргем жоқ,

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.

 

Айдын: Ұстазым менің Фариза Айдарқызы

Білімін оның ақтаймын

Айтқанынан қайтпаймын

Мен ұстазымды тыңдаймын

 

Саят: Үмітің гүлдер, мұғалім,

Білеміз ертең бізден де

Өмірдің талап сұрауын.

Сонда ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын!

 

Раимбек: Ұстазым-ұлағатты сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық, ақ жолынды бағаладың.

 

Абильмансур: Ұстазым

менің арайлым

Жанымда болдың әрдайым

Білім беріп өсірдің

Біліміңді ақтаймын

Мектепті мен бітіріп

Сіздің жолынызды қуйын

Серік болып білімге

Арманыма самғаймын.

         Біздің қуанышымыз бен

жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата - ана. Олар бізге

дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата - аналар, әжелер мен аталар,

біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнімізді жолдамастан бұрын

сіздердің 4 жыл бұрын 2014 жылы      

қазанда, балаларыңызға жазған хаттарыңызды оқимыз.

 

Ән: «Қос бәйтерегім». Суреттерді сыйлау

 

Ата-аналармен ойын:

«Баланың сөмкесін жинау»

Дөңгелеп әсем ән әуенімен,

Серік болсын әр халық билерімен.

Уа, құрметті көреремен, қарсы алыңыз,

Мың бұралған бишілерді шын көңілмен.

Ұл-қыздарымыздың орындауында «Жастық шақты еске алу» биі

 

Ата-аналармен ойын:

«Қызықты сұрақтар»

1.Балаңыздың жақсы көретін түсі, тағамы, пәні,ойын түрі

қандай?

2. Балаңыз болашақта кім болады?

Халқымыз «Тон жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды»

дегендей алтын ұя мектебіміздің басшысы Руслан Серикұлына және оқу ісінің

меңгерушісі Гаухар Сабиржанқызына сөз береміз.


Диплом, алғыс хат тапсыру

рәсімі

 

1. Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

Мерей - сен еліміздің ертеңісің

 

2.Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашан мойындалар.

Әр

ісіне жауапты Тамирис

Арманың

болашақта орындалар.

 

3.Болашақ

біздің жазушы,

Сөз

құдыретін танушы.

Жазираны біз бағалаймыз,

Барлық істен бес алушы.

 

4. Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

Раимбек сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

 

5. Айдын сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр

іске де жауапты

Кімге

болса да ол ардақты

 

6.Мединадай бишіміз бар мақтанамыз,

Биіне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындырар,

Мединаға ақ тілекті жаудырамыз.

 

7. Абильмансур намысшыл болып келеді,

Атқарады әр істі

Жауаптылық сезініп,

Уәдесінде тұрады

 

8.  Мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Саят сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан

табарсың бақытыңды.

 

9.Айгерім адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

 

 

Біз қазір қандаймыз, енді 20жылдан кейін қандай боламыз?

Тамашалаңыздар!

(Әр оқушы өзінің кім болатынын атап өтеді)

1.  Мен,

Байдуллина Мерей болашақ әртіс!

2. Мен, Бекназар Тамирис болашақ дәрігер!

3. Мен, Досжанова Жазира болашақ мұғалім!


4. Мен, Закирин Раимбек болашақ полиция!

5.  Мен, Исин Айдын болашақ футболист!

6. Мен, Каирбекова Медина болашақ хореограф

7.Мен, Кенжегарин Абильмансур болашақ депутат!

8. Мен, Мунтиев Саят болашақ өрт сөңдіруші!

9. Мен, Төлеген Айгерім болашақ психолог!

 

         Халқымыздың

ізгі салт дәстүрлерінің бірі – үлкендерден бата алу.

«Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді»

дейді халқымыз. Ендеше ата- әжелерімізден бата тілейік.

 

Мектеп,мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білмек, болмас-ау қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

 

«Армандастар» әнін қабыл алыңыздар!

Мұғалім:

Қош менің түлектерім! Алдарыңда орта білімнің ақ

айдыны күтіп тұр. Ақ тілек, ақ бата қабыл болып, ақ желкендеріңіз арман

жағалауына адастырмай жеткізсін!

Ақ жол саған менің бастауыш сыныбым!...

 

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст