Бүгін 2-сынып оқушылары арасында отбасы құндылықтарына, сүйіспеншілікке, өзара түсіністік пен бір-біріне деген құрметке арналған «Отбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті.

07.09.2026

Отбасы — адам өміріндегі ең басты байлық! ❤️

 

Бүгін 2-сынып оқушылары арасында отбасы құндылықтарына, сүйіспеншілікке, өзара түсіністік пен бір-біріне деген құрметке арналған «Отбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті.

 

Сынып сағатының ерекше қонақтары — Штир отбасы. Олар — тату әрі белсенді отбасы, аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының, сондай-ақ республикалық «Ел жастарының бірлігі – береке бастауы» форумының қатысушылары.

 

Қонақтар оқушыларға өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы айтып, қолдау, қамқорлық және бірлескен еңбектің маңыздылығымен бөлісті. Балалар үшін бұл кездесу нағыз отбасының сүйіспеншілік, бірлік, өзара көмек пен құрметке негізделетінін өмірлік мысал арқылы көруге тамаша мүмкіндік болды.

Просмотров: 354


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу