"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Азат отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тұңғыш Президент күні

14.12.2018

«Тұңғыш Президент » күніне

орай Азат

негізгі мектебінде

өткізілген іс-шаралар бойынша есебі

 

         Азат негізгі мектебінде «Тұңғыш Президент » күніне орай бекітілген

жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар өтті. Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің

өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойына

ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта туған жерімізді өркендетуге білімді, білікті жастар керек екенін паш

ету.

         30

қараша күні 1 – желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай салтанатты жиын

өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Елбасының тарихы

туралы қысқаша мәліметтер берілді. Оқушылар «Нұр Аға» әнін орындап, қыздар мың

бұралып қазақша би биледі.

  

 

   

 

         1-9 сыныптарда «Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбек жолы» тақырыбында  тарихи сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты:

Елбасымыздың өмірбаянымен таныстыру және елі үшін аянбай еңбек еткенін айту. Еңбек

жолдарын паш ете отырып оқушыларды ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

            

                        

        

 

                

         «Н.Ә.Назарбаев-қазақстандық

жетістіктердің сәулетшісі» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Көрмеге 1-9 сынып

аралығындағы балалардың 40 жуық суреті қойылды. Шараның

негізгі идеясы сурет әлемі арқылы балалардың еліне, жеріне, Елбасына деген

сүйіспеншілігін түрлі-түсті бояулар арқылы көрсету, Елбасының өнегелі ісін,

еңбек жолын үлгі тұта отырып, отанын сүйетін патриоттар тәрбиелеу, өнерге деген

қызығушылықтарын, шығармашылықтарын шыңдау.

         «Тұңғыш Президент» күніне орай «Алексеевка орта мектебінде»

өткізілген аймақтық спорттық жарыста футбол ойыны бойынша біздің команда 2

орынға ие болды.


 

Тәрбие ісінің

меңгерушісі: Жетписова Ф.А.

Просмотров: 271

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст