"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Азат отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28 қыркүйек - 4 қазан аралығында мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар өткізіледі

23.09.2020

Мұғалімдер күніне арналған іс-шараларды өткізу

         тұжырымдамасы

 

Өтетін күндері: 28 қыркүйек – 4 қазан.

Мақсаты: мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтау, білім алушылардың білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінігін арттырып, мұғалімнің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Өткізу форматы: қашықтықтан, интернет ресурстарын пайдалану.

Мұғалімдер күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдерде қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы бойынша жаппай оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу бойынша шектеу шаралары жарияланғандықтан, келесі регламентті ұсынамыз:

- ата-аналардан бейнеқұттықтаулар;

- педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау;

- «Ұстаздар әулеті – менің отбасымның мақтанышы» тақырыбында фотокросс;

- «Өзін-өзі басқару күні» өткен фотосуреттер мен естеліктер;

- «Егер мен мұғалім болсам ...» тақырыбында эссе;

- «Мұғалім өмірінен бір күн», «Менің алғашқы ұстазым», «Мұның бәрі сіз туралы ...» тақырыбына постер;

- оқушылар арасында  «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік пән мұғалімі», «Үздік тәлімгер» номинациялары бойынша онлайн дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу;

- БАҚ-тарда мақалалар жариялау.

Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында:

- іс-шараны өткізуге ақшалай қаражат жинауға жол бермеу;

- мектеп әкімшілігі мен педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарға тыйым салу.

Өткізілген іс-шаралар туралы материалдарды білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде орналастыру.

Просмотров: 160


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст